Испания тас жолдарында өтіп жатқан велоспорттан «Вуэльта» көпкүндігінің 11-кезеңі аяқталды.
Вильявисьоса – Ла-Фаррапона қалаларын жалғаған бұл кезеңде 24 жастағы франциялық велошабандоз Давид Годю (Groupama-FDJ) жеңімпаз атанды. 170 шақырым жолды ол 4 сағат, 54 минут, 13 секундта жүріп өтті. Екінші орынды Movistar Team өкілі Марк Солер иеленсе, мәреге үшінші болып Майкл Сторер (Team Sunweb) келді. Ал «Астана» өкілі Александр Власов бұл кезеңде алтыншы болды.
Жалпы есепте словениялық Примож Роглич (Team Jumbo – Visma) көш бастап келеді. Власов үздік 15 спортшының қатарында тұр.