• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Футбол 02 Қараша, 2020

Ең қымбат жас футболшылар

516 рет
көрсетілді

Әйгілі Forbes журналы әлемнің 21 жасқа дейінгі ең қымбат жас футболшыларының рейтингін жасап шықты. Тізімде Франция және ПСЖ клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе бірінші орында тұр.

Басылымның жазуынша, 21 жастағы француздың трансфер құны бүгінде 183,3 млн еуроға бағаланған. Рейтингтің екінші орнына келесі айда 21 жасқа толатын «Атлетико» (Мадрид) клубының португалиялық футболшысы Жоау Фелиш (104 млн) жайғасқан. Ал үздік үштікті 21 жастағы «Челсидің» германиялық жартылай қорғаушысы Кай Хаверц (98 млн) түйіндеп тұр.

Сондай-ақ ТОП-10 футболшының тізімін­де Альфонсо Дэвис (Канада, «Бавария», 88,3 млн), Маттейс Де Лигт (Нидерланд, «Ювен­тус», 86,8), Джейдон Санчо (Англия, «Боруссия» Дортмунд, 86,6), Эрлинг Холанд (Норвегия, «Боруссия» Дортмунд, 68,3), Ашраф Хакими (Марокко, «Интер», 66,3), Вик­тор Осимхен (Нигерия, «Наполи», 63) және Ферран Торрес (Испания, «Манчестер Сити», 57,7) бар.

 

Соңғы жаңалықтар