• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қараша, 2020

Өз анасын тонаған...

298 рет
көрсетілді

Сол­түстік полицейлері «Hi-Tech» республикалық жедел-профи­лак­тикалық іс-шарасы аясында бір қылмысты ізін суытпай ашты. Петропавлдық бір әйел полицияға ірі банктердің бірі өзіне ресім­демеген несие бойынша 100 мың теңге көлеміндегі төлемді талап етіп жатқаны туралы арызбен шыққан. Криминалдық поли­ция қызметкерлері әйелдің құжаттары мен банк картасын пайда­лану мүмкіндігі бар оның 22 жастағы ұлын ұстады. Баласы ана­сын алдап, оның 100 мың теңге ақшасын жымқырмақ бол­ған...

«Hi-Tech» республикалық жедел-про­филактикалық іс-ша­­ра­­сының мақсаты – ин­тер­­нет арқылы жасала­тын қыл­мыс­тар­­мен күресу. Со­ның нәти­же­сін­­де кибер­қыл­мыстарды ашу жө­нін­дегі маман­дан­ды­рыл­ған жедел-тергеу тобының жұмысы кү­шейтілді. Осының нәтижесінде бұрын жасалған алты интернет-алаяқтық ашылды. Үш күдіктіні ұстау үшін криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Екібастұз және Павлодар қала­лары­на барды. Белгілі бір қа­ра­жат сомасына қажетті құ­жат­­тарды жылдам алуға кө­мек­­те­сетіні туралы хабарланды­ру орналастырған елорда тұр­­ғы­ны ұсталды. Мәселені оңай жол­мен шешпекші болған ол петропавлдық жігіттен 77 мың теңгені қақшып кеткен. Ашық­ауыз петропавлдық мәсе­ле­сін ше­шемін деген алаяққа 77 мың тең­гені аудара салған. Ақшаны қолына түсірген соң «қызмет көрсетуші» зым-зия болып, тұт­қа­ны көтермей қойған. «Соңғы кезде виртуалды алаяқтар түрлі әдістерді пайдаланады. Олардың мақсаты – адамдардың жеке мәліметтері мен банк де­рек­темелеріне қол жеткізу. Қолға түскен ақпарат арқылы қас­­көй­лер жәбірленушілердің атына несие ресімдейді. Сондай-ақ түрлі «қызметтер» ұсынып, жәбірленушінің ақшасын алдап алып кетеді. Жедел-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-шараның алғашқы кү­нін­де жұмысқа орналасуға көмек көрсетемін деп алаяқтар меди­циналық анықтаманы жылдам ресімдеуге ақша сұраған, сонымен бірге банк картасының де­ректемелерін алдап қолға тү­сір­ген. Осындай үш факті анық­­талды», - деп атап өтті об­лыс­­тық Полиция департаменті Кри­миналдық полиция басқар­ма­сының бастығы, полиция пол­ковнигі Петр Климов.

Сонымен бірге жедел-профи­лак­тикалық іс-шараның алғашқы күнінде облыс полицейлері тауарларды сату туралы 2 жалған хабар­лан­­­дыруды анықтады. Құқыққа қайшы контентпен 30-дан астам ресурс анықталып, сілтемелері құ­зы­ретті органдарға бұғаттау үшін жіберілді. Әлеуметтік желі­лер­де тәртіп сақшылары интер­нет­те күмәнді келісім жасаудан аулақ болу, жеке және қаржы мәлі­меттерін, құпиясөздерді ешкім­ге бермеу, ақшаны жіберуге қа­тыс­ты кез-келген мәліметті егжей-тег­жей­лі тексеру сияқты кеңестері бар жадынамаларды орналастырды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы