• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қараша, 2020

Халықаралық турнирде бақ сынады

138 рет
көрсетілді

29 қазан мен 1 қараша аралығында Минскідегі (Беларусь) «Олимпик Аре­нада» мәнерлеп сырғанаудан халық­аралық Ice Star 2020 турнирі өтті. Аталған сында қазақстандық София Фарафонова да қатысты, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Жарыс қорытындысы бойынша, Фаро­фонова төртінші орын иеленді. Ол жас­өспірімдер санатында сынға түскен болатын. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшы 115,74 ұпай жинады. Турнирде Беларусь өкілі Варвара Кисель топ жарды. Екінші және үшінші орынды оның отандастары Милана Рамашова мен Лизавета Балоникова иеленген.