• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қараша, 2020

Петропавлда жүк көлігі дүкенге соғылды

187 рет
көрсетілді

Петропавлда 4 қараша күні Хименко көшесінің бойында шамамен сағат 16-да жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда үйінің жанында қол тежегішінде тұрған бетон араластырғыш жүк көлігі өздігінен жылжып, Амега құрылыс дүкеніне кіріп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығынның мөлшері нақтылануда.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының анықтаушысы әкімшілік материал жинап, полиция бөліміне тапсырды. Қосымша жиналған материалдардың қорытындысы бойынша жүргізушінің құқықтық жауапкершілігі туралы шешім қабылданады.