«Осы уақытқа дейін менің тарапыма кереғар пікірлер көп айтылған. Басылымдар да, жанкүйерлер де мені талай сынады. Мен ол кезде «Стандарт» клубына тиесілі едім. Сол үшін бельгиялық клуб президентінің айтқанымен жүріп келдім. «Астанада» да дәл солай болды. Бұл футболдағы қалыпты жағдай. Қазір ешкімнің алдында міндетім жоқ. Бұл шешімді қабылдар алдын алдымен әке-шешеммен ақылдастық. Артынша Қайрат Боранбаевпен кеңестім. Осыдан барып Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуге бел байлап отырмын. Әрине, алдағы уақытта ұлттық құрамадан шақыру түсетін болса, ақтық демім қалғанша ойнар едім», – дейді Жуков.
2014-2015 жылдары Жуков «Астана» ұжымында ойнап жүргенде Қазақстан құрамасының сол кездегі бас бапкерлері Мирослав Беранек пен Юрий Красножан шақыртқан. Алайда, бұл шақырудан бас тартқан болатын.
Айта кетейік «Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев Георгий Жуковты команда қатарына «ұлттық құрамаға ойнайсың» деген талаппен шақырған.