• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2020

Арақ ішіп алып автобус жүргізген

191 рет
көрсетілді

Петропавлдың патрульдік полициясы 7 қарашаға қараған түні Әуезов көшесінен Чайковскийге бұрылған "Dongfeng" автобусының жүргізушісі сау емес екенін байқап қалады. Рөлде 1981 жылы туған автопарк жүргізушісі болған. Тоқтатқан кезде одан алкогольдің иісі аңқып тұрған. Медициналық куәландыру орташа деңгейдегі масаюды көрсетті.

Жүргізуші жұмыстан кейін үйіне бара жатқанын айтады. Карантиндік шектеулерге байланысты демалыс күндері жолаушылар көлігінің қозғалысы тоқтатылған, сондықтан ол «көңілін көтермекші» болған екен.

Қазір жүргізушінің үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бойынша материал жинады. Материалдар сотқа жолданатын болады. Әзірге жүргізуші 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, одан кейін сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылуы мүмкін.

 

ПЕТРОПАВЛ