• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2020

Карантин сақтамаған 1 329 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды

139 рет
көрсетілді

Карантиндік талаптарды бұзғаны үшін жазалар туралы күнделікті жарияланымдарға қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына және қаржысына қауіп төндіруде.

Ағымдағы жылдың 2-8 қарашасы аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша азаматтарға 1 329 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында – 237, Шығыс Қазақстан облысында-217, Алматы облысында – 106 және Ақмола облысында – 101 фактісі анықталды.Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 83 340 теңге (30 АЕК), лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне 230-дан 1600 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.