• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қараша, 2020

Иван Ярыгин турнирінде бақ сынауда

313 рет
көрсетілді

Бұл күндері Ресей астанасы Мәскеуде грек-рим күресінен Гран-при жарысы өтіп жатыр, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Иван Ярыгинді еске алуға арналған халықаралық турнир – індет басталғалы бері UWW ұйымдастырған алғашқы жарыс. Бәсекеде еркін, грек-рим күрестерінен бөлек, жағажай күресінің өкілдері де бақ сынауда. Жағажай күресіндегі балуандар додасы үшін спорт сарайына 70 тонна құм кіргізілген.

Турнирге тоғыз елдің балуандары қатысып жатыр. Атап айтар болсақ, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Аргентина, Бахрейн, Румыния, Солтүстік Македония және Түркия спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ Гран-при турнирі барысында Ненад Лаловичтің қатысуымен UWW комиссиясының онлайн отырысы өтеді.