Сербиялық теннисші Новак Джокович карьерасында алтыншы мәрте Халықаралық кәсіпқой теннисшілер ассоциациясының (АТР) рейтингінде жылды бірінші орынмен аяқтады.
Бұл нәтижесімен Джокович америкалық әйгілі теннисші Пит Сампрастың рекордын қайталады. Өз кезегінде Сампрас 1993 және 1998 жылдар аралығында рейтингті бірінші орынмен түйіндеген-ді. «Мен сол уақытта Питтің ойынын қарап, сол сияқты мықты теннисші болуды армандап өстім. Міне, бүгін үлгі тұтқан теннисшімнің жетістігін қайталап отырмын. Бұл да бір арманымның орындалғаны», дейді 33 жастағы теннисші.
2020 жылы Джокович Аустралия ашық чемпионатында топ жарып, Дубай, Нью-Йорк және Римде өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті. Спорттық карьерасында сербиялық теннисші 81 титулға қол жеткізген.