• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 09 Қараша, 2020

ҚҚС қайтару туралы ақпарат жалған

572 рет
көрсетілді

Төленген қосымша құн салығы сомаларын қайтару туралы ақпарат жалған. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай төлемдер туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады.

Әлеуметтік желілер мен видео хостингтерде «18 жастан асқан әрбір азамат төлемді алуға құқылы» деген бейнефильм таралып жатыр.

Атап айтқанда, онда бірнеше жыл ішінде төленген ҚҚС сомаларын қалай қалпына келтіру туралы айтылады. Алаяқтар азаматтарды ақшаны қайтару үшін жалған веб-сайтқа бағыттайды. Яғни кез келген адам төленбе­ген қаражатты қайтару бойын­ша бірыңғай өтемақы орта­лығы веб-сайтына кіруі керек. Жал­ған нұсқаулықты түсіндіру кезінде автор көрерменнен өзінің деректерін, оның ішінде банк картасының нөмірін, шоттағы қаражаты иеленуге мүмкіндік беретін CVV/CVC кодын көр­сетуін сұрайды.

Бейне жазбада немесе жал­ған сайтта оң пікірлер болуы мүмкін. Алайда бұл жазбалар да шындыққа жанаспайтынын ескертеді мамандар.

Осы жылдың басында Қазақ­станда алаяқтар құрып, YouTube-те тараған фишингтік интернет-ресурс анықталған еді.

Осыдан кейін KZ-CERT сер­ви­сінің талдауы нәтижесінде «Интернет сегментіндегі фишинг/алаяқтық» деп жіктелген ақ­­параттық қауіпсіздік оқи­ғасы анықталып, мұнда пайда­ланушылардың жеке деректері мен банктік карталары туралы мәліметтер жиналды.

Видео авторы жаңа заң жобасына сәйкес, ҚҚС қайтару үрдісі барлық сатып алулар бойынша таралатынын хабарлады. Бұл мақсатта «Төленбеген қаражатты қайтару үшін» бірыңғай өтемақы орталығы құрылды», делінген алаяқтар таратқан хабарламада.

Бұл орайда Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ­стан­дық­тарды сақ болуға және күмән­ді ақпаратқа сенбеуге шақырады.