• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2013

Путин орыс тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытуды тапсырды

337 рет
көрсетілді

Ресей президенті Владимир Путин мектеп бағдарламасындағы орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің сағаттарын көбейтуге тапсырма берді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Бүгінгі таңда орыс тілі мен әдебиеті пәніне бөлінген сағаттар саны аз болып отыр. Бұл олардың маңызының ескерілмеуі», – деді Владимир Путин Ресей әдебиетіне арналған жиналыста. Путин сондай-ақ жастардың арасында орыс тілін игеру деңгейі мен әдебиетке деген қызығушылықтың төмендеп бара жатқанын ескерді. «Біздің ел бір кездері әлемдегі ең көп оқитындардың елі саналатын. Ал қазір ол атақтан дәмете де алмаймыз», – деді ол.

Ресей президенті орыс тілі мен әдебиет пәндерінің сағаттарын көбейтумен мәселе шешіле қоймайтынын алға тартты. Ол бұл мәселеде мұғалімнің біліктілігі, оның оқушыларға бай тілімізді дәріптей білуі үлкен рөл атқаратынын айтты.

Владимир Путин әдебиет саласындағы маңызды мәселелерді бірлесе отырып шешуге ұсыныс білдірді. «Бізге жазушылардың шығармашылығы мен дәстүрлі әдеби сынның, кітапханалар мен әдеби мұражайлардың, сондай-ақ жазушылардың мемориалдық үйлерінің жандануына жағдай жасау керек», – деді ол.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар