• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қараша, 2020

«Испания Вуэльтасы» аяқталды

139 рет
көрсетілді

Пиреней түбегінде мәресіне жеткен «Испания Вуэльтасы» көпкүндігінің соң­ғы кезеңінде германиялық велоша­бан­доз Паскаль Аккерман жеңіске жетті.

Мадрид көшелерінде өткен соңғы жарыс күні жаппай спринтпен аяқталды. Мәре сызығын өзгелерден бірінші болып Bora-Hansgrohe командасының велошабандозы кесті. Екінші және үшінші орындарды ирландиялық Сэм Беннетт (Deceuninck-Quick-Step) пен германиялық Макс Кантер (Team Sunweb) иеленді. «Астананың» велошабандоздары арасында ең тәуір көрсеткішке Александр Власов қол жеткізді. Ол 29-сатыға табан тіреді.

Жалпы есептегі жағдай бойынша слове­ния­лық Примож Роглич (Jumbo-Visma) екі жыл қатарынан «Испания Вуэльтасының» жеңімпазы атанды. Эквадорлық Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) екінші, ұлы­британиялық Хью Карти (EF Pro Cycling) үшінші сатыға жайғасты. Ал қазақстандық команданың өкілі Александр Власов өзінің алғашқы Гранд-турын 11-орынмен түйіндеді.