• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2020

Көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

245 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде көкпар ұйымдастырған тұрғынды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс бойынша карантин режимін сақтау, яғни бетперде тағып жүру, арақашықты сақтау көзделгені белгілі. Осыған орай Төлеби ауданының полицейлері күнделікті карантин талаптарының сақталуы бойынша рейдтік тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Осындай кезекті рейдтік тексеру кезінде учаскелік полицейлер мен мобилдік топ Төлеби ауданы Алғабас ауылының маңайында көкпар ойыны өтіп жатқанын анықтады.Аталған көкпарға 200-ден аса адам жиналғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары белгіленген талапты сақтамай, көкпарға қатысушы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналған қауымды тарқатты.

Сондай-ақ адамдардың көптеп шоғырлануына жол беріп, көкпарды ұйымдастырушы азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.