• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қараша, 2020

Анасы мен үш баланың өлімі кімнен болды?

1903 рет
көрсетілді

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 12.00-де полицияға ер адамнан облыс орталығындағы Ш.Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның өлі денесі табылғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция­ның Жедел-тергеу тобы пәтер ие­­сінің ішкі жағынан жабылған үйі­нің есігін аша алмағанын анық­тайды. Сондықтан ол көр­ші­лерінен құралдар алып, есікті бұзып ашқан.

Айтуынша, пәтер иесі ер адам жантүршігерлік жайға тап болған: үйге кірген кезде бөл­ме­лердің бірінен зорлық-зом­былық белгілері бар жұбайының және үш баласының өлі (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) дене­лерін көргенін айтқан. Қан­ды оқиғадан қор­қып қалған көршілерінің айтуларынша, отбасы павлодар­лықтар емес. Бірақ, жақсы, ұқып­ты отбасы болыпты.

Қазір осы бір жұртшылықты дүрліктірген сұмдық оқиға барысына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

– Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді департамент мәліметінде.

 

Павлодар облысы