Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт кешенінде футзалдан ел чемпионатының алғашқы айналымдағы ойындары аяқталды.
Бірінші айналымдағы 8 ойынның алтауында жеңіске жетіп, екеуінде тең түскен «Атырау» футзал клубы 20 ұпаймен көш бастады. Ал былтырғы ел чемпионатында бас жүлдені олжалаған Алматының «Қайраты» 19 ұпаймен екінші орында тұр. Үздік үштікті 17 ұпайы бар «Ақтөбе» ұжымы түйіндеді.
Ел чемпионатының екінші айналымындағы 8 ойыны Қостанай облысының Рудный қаласында ұйымдастырылады. Ойындар 18 қараша және 1 желтоқсан аралығына жоспарланған. Үшінші және төртінші айналымның күнтізбесі кейін анықталады. Сондай-ақ плей-офф кезеңінің де ойындары қосымша хабарланады. Айта кетейік, биылғы футзалдан Қазақстан чемпионатында тоғыз команда бақ сынап жатыр.