Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірін жеңілдетуге және қорғауға айтарлықтай септігін тигізіп келеді. Елімізде де, посткеңестік кеңістікте де елордада көптеген жаңа жобалар алғашқылардың бірі болып енгізуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Нұр-Сұлтанда 2017 жылдан бастап "Сергек" камералары жұмыс істейді. Олар жүргізушілерді қадағалап қана қоймай, көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Полиция департаментінің мәліметінше, биыл тоғыз айда жалпы 334 ЖКО тіркелген, 2019 жылы осы кезеңде көрсеткіш 469 болған.
Цифрландыру басқармасының мәліметінше, жоба басталғаннан бері яғни 2017 жылдан бастап ЖКО саны 43% (448-ден 285-ке дейін) азайды, қаза болғандар 55%, жарақат алғандар 36% (482-ден 320-ға дейін) азайды.
Елордада жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.