«Қазпошта» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалы «Egemen Qazaqstan» газетінің ағымдағы жылдың 4 қарашасында (№211) жарық көрген газеттің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Хамит Есамановтың «Пошта қызметіне көпшіліктің көңілі неге толмайды?» деген мақаласы бойынша төмендегіше жауап береді:
«Думан Қияшұлы Парменқұловтың газет редакциясына жасаған шағымын тексеру барысында төмендегі жайттар анықталды:
«Egemen Qazaqstan» газетіне шағымданушының жұбайы Б.Көпбаеваның жазылғандығы және абономентіне Б.Көпбаеваның өзі басқа мекенжай (Шу қаласы, Жұмабекұлы көшесі 2А үй) көрсеткендігі анықталды.
Сонымен бірге Д.Парменқұлов Б.Көпбаеваның жазылған «Egemen Qazaqstan», «Арай» газеттері Шу қаласы, Жұмабекұлы көшесі 2/1 мекенжайының орнына, Шу қаласындағы Жұмабекұлы көшесі «2А» үйіне жеткізіліп отырған.
Мән-жайларды анықтағаннан кейін, Жұмабекұлы көшесі «2А» үйіне жеткізілген «Egemen Qazaqstan», «Арай» газеттерінің барлығы қайтарылып, Б.Көпбаеваның нақты мекенжайы Жұмабекұлы көшесі, 2/1 үйіне жеткізілді. Сонымен қатар Д.Парменқұловтың 30.10.20 жылы өз қолымен берген жазба пікірінде, «Қазпошта» қызметкерлеріне қоятын ешқандай талабы жоқ екенін және дұрыс мекенжай көрсетпегені – өз тарапының кемшілігі екенін атап көрсеткен.
Шу аудандық байланыс торабының бастығы А.Срайлованың түсінігіне сүйенетін болсақ, Тараз қаласы мен Шу қаласы аралығындағы пошта алмасу бағытының жиілігі туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісіне ешқандай мәлімет бермегенін растайды, оған қоса «бейсенбі күні шыққан кез келген газет Тараз қаласынан Шу қаласына екі күннен кейін ғана жетеді» деген ақпараттың жалғандығы туралы хабарлаймыз.
Облысаралық пошта алмасу бағыты Тараз қалалық поштаны сұрыптау және тасымалдау телімі мен Шу қаласы арасында аптасына 6 (алты) рет (дүйсенбі-сенбі) жиілікте қатынайды.
Өз тарапынан «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы Қоғамның әлеуметтік маңыздылық рөлін ескере отырып, газет және мерзімді басылымдардың уақытылы жеткізілуін ерекше қадағалайды. Пошталық қызметтің дамуына назар аударып, үлес қосып жатқандарыңызға алғыс білдіреміз!
Д.Абдухалиұлы,
«Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры