• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2020

Жамбыл облысында 429 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген

136 рет
көрсетілді

Мемлекеттік сатып алу саласын бақылауда ұстау бүгінде маңызды мәселенің бірі. Оның үстіне, қазіргідей күрделі кезеңге байланысты көптеген іс-шаралардың өткізілуіне қатаң тыйым салынған. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бүгінгі күнге тек қана мәдениет, спорт салаларындағы жоспарланған іс-шаралардан 130 миллион теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Мәселен, Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасымен қыркүйек, қазан, қараша айларына 7 миллион теңгеден аса бюджет қаражатына іс-шаралар өткізу жоспарланған. Ал, облыстық білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жоспарлаған іс-шаралардан 67 миллион теңге аталған департаменттің араласуынан кейін үнемделген. Сол сияқты, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» мекемесінен 11 миллион теңгеден астам қаражатқа жоспарланған іс-шаралар үнемделген. Департаменттің мәліметінше, мемлекеттік сатып алуларға мониторинг аталған департамент тарапынан күнделікті жүргізілуде екен. Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша департаменттің араласуымен 429 миллион 195 мың 297 теңге бюжет қаражаты үнемделген.

 

Жамбыл облысы