Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті. Қос тарап өнеркәсіп саласындағы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Нұр-Сұлтанда коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникасын, лифтілерді жинау бойынша бірлескен кәсіпорындардың ашылуы, өнеркәсіп салаларын одан әрі дамыту және тауар айналымын арттыру Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге – бірлескен кәсіпорындар мен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға назар аударылды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық талқыланды. Түрлі бағыттар бойынша айтылған мәселелер қарастырылды", деп жазды Instagram парақшасына Алтай Көлгінов.