Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиыны Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында өтуде.
29 қазанда басталған жаттығу жиынында 20-дан астам дзюдошы шеберліктерін шыңдауда. Атап айтар болсақ, Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Виктор Демяненько (-100 кг) және тағы басқа да дзюдо спортының шеберлері дайындықтарын пысықтауда.
Татами шеберлерінің дайындық жұмыстары 22 қарашаға дейін жалғасады.