Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барыс» командасы тұрақты біріншіліктің кезекті тур ойынында «Локомотив» клубымен кездескен болатын.
Сол матчтың бірінші 20 минутында қарсылас команданың қақпасына бар-жоғы екі соққы жасаған Юрий Михайлис шәкірттері ҚХЛ-дің осы маусымдағы антирекордын қайталады. Бұған дейін Мәскеудің «Динамо», «Спартак» және Ярославльдің «Локомотив» ұжымы бір кезеңде екі соққы жасаған-ды. Енді бұл қатарға Қазақстанның «Барыс» клубы қосылды. Кейінгі орындарда ЦСКА мен «Спартак» командалары тұр. Олар 20 минутта үш соққы жасаған.
Айта кетейік, «Локомотивпен» өткен ойында жерлестеріміз айдын иелерінен 7:2 есебімен жеңіліп қалған еді.