• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Білім 16 Қараша, 2020

Студенттер қағазбастылықпен қоштасады

143 рет
көрсетілді

ADAL BILIM жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресте технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, академиялық қызметін ХҚКО (ЦОН) форматына көшірген оқу орындарында сыбайлас жемқорлық факторлары азайған. Бірақ бұл тәжірибе де бүгінгі күні ескірген және онлайн-форматқа толық көшуді талап етеді.

«2014 жылы еліміздегі ал­ғаш­қы жоғары оқу орны бо­лып KAZGUU студенттері үшін ХҚКО ашты. Бір кабинет­ке барлық қызметтер бірік­ті­ріліп, электрондық кезек ұйым­­дастырылды (студенттік мұра­ғат, офис-тіркеуші, бухгалтер, заңгер – барлығы 8 адам). Оқу орнының әкімшілігімен тікелей қарым-қатынастан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы ықтимал. Бүгінде КАЗГЮУ сту­денттері академиялық қыз­меттер мен оқу процесін ғана емес, өзінің қаржылық балансын да айқын бақылап отырады. Барлық мүмкіндіктері бар мобильді қосымша даярладық», – деді ADAL BILIM жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің төраға­сы Алик Шпекбаев мо­биль­ді қосымша тәжірибесін оң баға­лап, барлық басқа оқу орын­дарын оны пайдалануға шақырды.

«Уақыт бәрін тез өзгерте­ді. Еліміздің үздік универ­си­тет­терінің бірі KAZGUU электронды форматқа көшті. Студенттер қағазбастылықтан  арылып, өз уақытын үнемдеуі керек және тиісінше барлығы қашықтан электрондық форматта болуы тиіс. Әсіресе колледждер мен жоғары оқу орындарында», – деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Талғат Нәрікбаевтың айтуын­­ша, мұндай шешімді өз қыз­метінің сапасы мен ашық­тығын арттыруға ұмтыл­ған елі­міз­дің кез келген жоғары оқу орны жасай алады. Академиялық мәселе­лерді шешу үшін студентке уни­вер­ситет әкімшілігімен байланыс орнатудың қажеті жоқ.

Бұл туралы ол Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің проблемалары мен перспективаларын талқылау жө­ніндегі кеңесте мәлімдеді.