Өткен аптада пандемияға байланысты келесі жылға қалдырылған футболдан Еуропа чемпионатының соңғы төрт жолдамасына иелік еткен төрт команда белгілі болды.
Плей-офф кезеңінің шешуші бәсекесінен кейін Мажарстан (Исландия, 2:1), Солтүстік Македония (Грузия, 1:0), Шотландия (Сербия, 1:1 пенальти бойынша – 5:4) және Словакия (Солтүстік Ирландия, 2:1) құрамалары турнирдің финалдық бәсекесіне қатысуға мүмкіндік алды. Осылайша, кәріқұрлық біріншілігінің финалында өнер көрсететін 24 команда белгілі болды.
Сөйтіп 2020 жылғы Еуропа чемпионатының А тобында – Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария, B тобында – Дания, Финляндия, Белгия, Ресей, C тобында – Нидерланд, Украина, Аустрия, Солтүстік Македония, D тобында – Англия, Хорватия, Шотландия, Чехия, E – тобында Испания, Швеция, Польша, Словакия және F тобында Мажарстан, Португалия, Франция, Германия құрамалары бақ сынайды.