• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Қараша, 2020

Күн тәртібі нақтыланды

133 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­лығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы оты­рыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжі­лістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс бірінші оқылымда «Қазақ­стан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өз­герістер енгізу және Мемле­кет басшысының 2020 жылғы 1 қыр­күйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақ­стан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыруға қатысты заң жобасын талқыламақ.

Бірінші оқылымда туристік қызмет, норма­шығар­машылықты жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және адвокаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты депутаттық заң жо­балары да қаралады. Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша депутаттық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады деп жоспарлануда. Сондай-ақ депутаттар қарауына дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасы да ұсынылды.

Бюроның күн тәртібінің жобасында Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда бірқатар экологиялық заң жобаларын қарайды. Олар – Экологиялық кодекс пен оған ілеспе заң жобалары.

Екінші оқылымда қаралатындар қатарында қоғамдық кеңес­тердің қызметі туралы және депутаттар әзірлеген күзет қызметі мәселелері, сондай-ақ адамдарды Қазақстан шегінен тыс жерге шығарып жіберуге және бюджет заңнамасын жетілдіруге қатысты заң жобалары бар.

Сонымен бірге алдағы жалпы отырыста Палата дипло­ма­тия­лық қызмет туралы заң жобасын жұмысқа алады.