ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Беларусьтің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Павел Утюпинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбатшысын лауазымына тағайындалуына орай құттықтай отырып, екіжақты қарым-қатынастардың арттыруына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды және саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын жандандырудың өзекті мәселелерін талқылады.