Нұр-Сұлтан қаласында елордалық корейлер этномәдени бірлестігіндегі «Чен-Рю» халықтық вокалдық ансамблдің 20 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Мерекелік құттықтауды Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хон Сок және елордалық ҚХА хатшылығының өкілдері арнады. Олар биыл өзінің 20 жылдығын атап өткен ұжым мүшелерін құттықтап, одан әрі өркендеу мен жаңа биіктерге жетуді тіледі.
Іс-шара барысында Қазақстандағы корейлер қауымдастығының 30 жылдығына орай ансамбль мүшелері Тамара Шегай, Наталья Легай, Людмила Тян, Алла Когай және Ербулат Калиев мерекелік төсбелгілермен марапатталса, ұжымының өзге мүшелерне арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Қатысушыларға концерттік бағдарламадан бөлек, корей халқының ұлттық тағамы «Кимчи» әзірлеуден шеберлік сағаты өтті.
«Нұр-Сұлтан қаласындағы корейлердің этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Чен-Рю» халықтық вокалдық ансамблі 2000 жылдың қараша айында құрылды. Ансамбль репертуарында қазақ, корей және орыс тілдерінде 40-тан астам ән бар. Қазір хорда 20 қатысушы бар, 17 жылдан бері Ляззат Хамзина хорды басқарып келеді. Л.Хамзинаның жетекшілігімен ұжым қалалық, сондай-ақ республикалық іс-шараларға, конкурстар мен фестивальдарға белсенді қатысады. Оған көптеген марапаттар мен алғыс хаттар жиыны дәлел бола алады. Хор ұжымы бірнеше рет түрлі елдерге концерттермен де барған болатын.