• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қараша, 2020

«Ашық жүрек» қайырымдыларды қолдайды

657 рет
көрсетілді

Еліміздің өңірлеріндегі жас көш­бас­шылар онлайн-форумда бас қосып, еліміздегі волонтерлер қоз­ғалысына қатысты пікірлерін ортаға салды.

Ақпарат және қоғамдық даму минис­тр­лігінің қолдауымен «Ашық жүрек» жобасы аясында «Қазақстан еріктілері лигасының» ұйымдастыруымен онлайн форматта өңірлік жастар көшбас­шыларының форумы өтті. Шара жастар арасында волонтерлікті танымал етуді, «Ашық жүрек» аралық жобасын­да ерекше көзге түскен қайырымды жан­дардың еңбегін бағалауды көздейді. Фо­рум Во­лонтер жылына орай ұйым­дас­ты­рылды.

Жастардың басын қосқан жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Asar-ume» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, еліміздің барлық өңірінен еріктілер, жастар ұйым­дарының өкілдері мен өңірлік үйлес­тірушілер қатысты. Сондай-ақ игі істерімен көзге түскен волонтерлер бел­сенді жұмысы үшін марапатталды.

«Ашық жүрек» жобасы жас­тар арасында жаппай волонтерлік қозға­лысты құруға, балалардың белсенді аза­маттық ұстанымын, әлеуметтік мәсе­лелерді шешуге ықпал ететін жауап­кершілікті қалыптастыруға бағытталған. Одан бөлек, бұл бастама жастардың дамуына, волонтерлікпен айналысуына, қоғамда өз орнын табуына ықпал етеді.

Жобаға барлығы 20 мың адам қатыс­қан. Сонымен қатар өңірлерде «Ашық жүрек» волонтерлерді үйлестіру орталықтары ашылып, 28 жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойылды. Волонтерлер үшін шеберлік сыныптары өткізіліп, көмекке мұқтаж жандарға қол үшін созатын игі бастамалар мен қоғамға пайдалы жобаларға шағын гранттар үйлестірілген.