• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2020

Атырауда қос азаматтықпен жүрген тағы бір адам анықталды

163 рет
көрсетілді

Құрманғазы ауданының полиция қызметкерлері ресейлік тұрғынның екі елдің  азаматтығымен жүргенін  анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бұрынғы атыраулық 1999 жылы отбасылық жағдайына байланысты Ресей Федерациясына көшіп кеткен. Ол  2000 жылы сол елдің азаматтығын қабылдаған. Бірақ  бұл туралы тиісті орындарға хабарламаған", деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының төлқұжаттарымен жүрген бұл азаматқа қатысты Құрманғазы ауданы полиция қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен (Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар Құрманғазы аудандық сотына жолданып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салынды.