• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2020

Даңқты спортшы Зульфия Габидуллина 55 жасқа толды

416 рет
көрсетілді

Ел тарихындағы Паралимпиада ойындарының тұңғыш чемпионы, даңқты спортшы Зульфия Габидуллина 55 жасқа толды. Бүгінде Тараз қаласында тұрып жатқан ол еліміздің даңқын дүние жүзіне танытқан санаулы саңлақтардың бірі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әйгілі спортшыны мерейтойымен құттықтап, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған хатын табыс етті.

«Зульфия Габидуллина жолында кезіккен қиындықтарға қарамастан жүзу спортымен белсенді түрде айналысып, әлемдік деңгейде өзін мойындатқан жерлесіміз. Ол – жүзуден халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның Паралимпиада құрамасының капитаны, бірнеше дүркін әлем чемпионы. 150-ден аса медаль еншілеген мақтанышымыз. Арбаға таңылғанына қарамастан, күш-жігерінің арқасында толағай жетістіктерге жетіп жүрген Зульфия Раухатқызының өмірі өскелең ұрпақ үшін үлгі», деді Бердібек Сапарбаев.