• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Қараша, 2020

Партияның сайлауалды бағдарламасы сараланды

391 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы Мәжіліс сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасын сарапшылар, белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері мен экономистер назарына ұсынды.

Партияның сайлауалды бағ­дар­ламасын талқылауға Қазақ­стан стра­тегиялық зерттеулер инс­ти­ту­­ты­ның директоры Зарема Шәу­кенова, Экономикалық зерт­теу­лер инс­титутының төр­аға­сы Рус­лан Сұл­танов, саясат­тану­шы­лар Ай­д­ос Сарым, Мак­сим Каз­начеев, Ис­лам Кураев және Ра­сул Жұмалы, Еура­зия­лық инте­гра­ция инс­титуты­ның дирек­торы Ерлан Саиров, «Талап» қолданбалы зерттеу­лер орта­лы­ғының басшысы Рахым Ошақ­баев, сарапшылар Яра­ли Халилов, Нұрлан Махмудов, Бел­ла Газдиева, Ләззат Нұрқатова қатысты.

Кездесуде сөз алған Nur Otan партиясының хатшысы Ар­ман Қырықбаев Елбасы, Пар­тия Лидері Нұрсұлтан Назар­баев­тың тапсырмасымен жұ­мыс тобы Үкіметпен бір­лесе бұрын­ғы тәжірибе мен әлем­дік трендті ескере отырып, қ­оғам сұранысына жауап бере­тін бағ­дарламаны екі ай бойы пысықта­ғанын жеткізді.

Еліміз бойынша 70-ке жуық фокус-топтан тұратын зерттеу жүр­гізіліп, халықтың көңіл күйі мен мемлекеттік органдар, саяси партиялардан не күтетіні зерделенген.

Бастапқыда бағдарлама жобасы салалық сипатқа ие болса, пысықталғаннан кейін бесжыл­дық құжатта халықтың барлық тобының сұранысы барынша қамтылған.

Nur Otan партиясының бағ­дар­­ламасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен халыққа Жол­дауында көрсетілген міндет­терге негізделген. Аталған құжаттар­дағы идеялар партияның сайлау­алды бағдарламасының нақты индикаторларында, шаралары мен міндеттерінде анық көрінеді.

Сарапшылар Nur Otan пар­­тия­сының бағдарламасы пан­демия салдарынан туын­даған күр­делі экономикалық ахуал­­ға қара­мастан, жоғары көрсет­кіш­тер­ді көздейтінін атап өтті. Олар сондай-ақ жақында өт­кен пар­тияішілік праймеризге қатысты да пікірлерін білдірді.

Сарапшы Белла Газдиеваның айтуынша, праймериздің арқа­сын­да азаматтардың өзекті ұсы­ныс­тары мен өтініштері жиналып, бағдарлама жобасына енген. Өз кезегінде саясаттанушы Максим Казначеев партия алдағы сайлау науқанының күн тәртібін айқындап алғанын атап өтті.

«Сайлауалды бағдарлама пар­тия­ның дағдарыс кезінде жедел шешімдер қабылдай оты­рып, заман ырғағына сай әре­кет е­те­тінін көрсетеді. Өткен праймериз пар­тияның жүйелі жаңаруға да­йын екенін дәлелдеді. Пар­тия­­іші­лік іріктеу барысын­да бел­­сенді тұлғаларды анық­тау­­ға мүм­кін­дік туды. Партия қата­ры жаңа мү­ше­лермен, оның ішінде өз саласының таны­мал тұлға­ларымен толықты. Өңір­лердегі пікірталастарда бағдар­ла­ма­лардың қызу талқылануы қоры­тынды құжатта нақты проб­ле­малардың ескерілетінін білді­реді», деді Максим Казначеев.

Кездесу соңында қатысу­шылар бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Ар­ман Қырықбаев барлық ұсыныс­тардың қаралып, ескерілетінін жеткізді.

Осыған дейін партия көш­басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тапсырмасымен Nur Otan әр өңір, қала мен аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламасының жобасын әзірлеген-ді. Жобалар өңірлердегі, оның ішінде шалғай елді мекендердегі халықпен кездесулерден түйген мәселелер картасы негізінде әзірленген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Халық үніне құлақ аса­­тын мемлекет» тұжырым­да­ма­­сын іске асыру аясында бағ­дар­­ламалардың барлық жо­ба­ла­ры праймериз барысын­да тұр­ғын­дармен кеңінен талқы­ланып, қа­был­данған өңірлік бағдар­лама­лар­да азаматтардан түскен 17 мың ұсыныс пен ескертулердің 80%-дан астамы назарға іліккен.