Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 710 бала бар. Стационарларда 3 198 науқас жатыр, 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, - деп хабарлайды Egemen.kz
Жалпы науқастардың арасында 210 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.