• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қараша, 2020

Қазақстан мен Корея стратегиялық серіктестікті дамытуды жалғастырады

166 рет
көрсетілді

«Орталық Азия - Корея Республикасы» Сыртқы істер министрлерінің ынтымақтастық форумының 13-ші отырысына қатысу шеңберінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хвамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. COVID-19 пандемиясына қарамастан, тұрақты саяси диалог жоғары деңгейде, сондай-ақ коронавирустың таралу салдарын тезірек еңсеру контекстіндегі өзара іс-қимылдың жоғары қарқыны сақталып отырғаны атап өтілді.

Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапарының мазмұндық аспектілерін талқылады.

Министр Сеулге жұмыс сапары аясында Корея Республикасының Премьер-Министрі Чон Се Гюн және Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Пак Бен Сокпен кездесті.

Министр екіжақты саяси диалогты, парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Корея Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.