• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Ғылым 27 Қараша, 2020

Мұғалім жасаған сабын

476 рет
көрсетілді

Ізденген адам ғана жетістікке жетеді. Мұны таудай талабы бар жас мұғалім Марфуға Ағынова өз ісімен дәлелдеді.

Мақат ауданындағы Л.Ша­хатов атындағы №76 орта мектепте химия пәнінен дәріс беретін ол сабынның бірнеше түрін жасап шығарды. Хи­мия­лық қоспасы жоқ сабындар эко­ло­гиялық тұрғыдан тазалығымен ерекшеленеді.

– Гипоаллергенді өнімді күнделікті тұрмыста хош иісті сабын ретінде қол­дануға болады. Сабынды жасау кезін­де табиғи өнімдерді пайда­ла­намын. Мәсе­лен, лимон денеге балғындық, құра­мындағы С дәрумені ағзаға нәр береді. Екінші түрі – ақжел­кен қосылған сабын. Оның құра­мында дәрумендер топ­тамасы бар. Ақжелкенді кептіру ар­қылы жасалған сабынды жаңа туған нәрестеге де, кез келген жастағы адамға да пай­далануға болады. Ал өнімге қосы­латын эфир майы хош иіс береді, – дейді химия пәнінің мұғалімі Марфуға Ағынова.

Жас маман аталған мектептегі жұ­мысын биыл бастады. Бірақ сабын жа­саумен айналысқанына бір жылға жуықтаған екен.

– Химия – өте қызықты сала. Күн­делікті тұрмыста қолданатын осындай экологиялық таза өнімдер жасауға бау­лу арқылы оқушыларды аталған са­лаға қызықтыруға болады. Сабын жа­саудың қыр-сырын толық меңгерген соң оны оқушыларыма үйретуге дайынмын, – дейді  жас маман.

 

Атырау облысы