• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 30 Қараша, 2020

Тәжікстаннан да төмен тұрмыз

116 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың қараша айына арналған рейтингі жарияланды. Жаңартылған рейтингте Қазақстан үш саты төмен сырғып, Тәжікстан құра­масынан кейінгі 122-орынға жайғасты.

Жалпы, өткен айдағы рейтингпен салыс­тырар болсақ, көш басындағы құрамаларда аса қатты өзгеріс жоқ. Бірінші орынды әдеттегідей 1780 ұпаймен Бельгия құрамасы иеленіп тұр. 2018 жылғы әлем чемпиондары – Франция (1755) екінші, Бразилия құрамасы (1743) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы осы айда Ұлттар лигасында екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалған болатын. Алғаш сырт алаңда Албаниядан 3:1 есебімен жеңілсе, өз алаңымызда өткен матчта Литвадан 2:1 есебімен ұтылды. Сөйтіп Ұлттар лигасының С дивизионында төрт ұпай жинап, соңғы орында қалып қойды.

Айта кетейік, өткен айдағы рейтингте жерлестеріміз бір саты төмендеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар