• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қараша, 2020

Әлемдік дода көрерменсіз өтуі мүмкін

209 рет
көрсетілді

Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылы Стокгольмде өтетін әлем чемпионаты бос трибуналарда өтпек. Ұйымдасты­рушылар пандемияға байланысты осындай жоспар құрып жатыр, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

«Қазіргі таңда біз ISU-мен тығыз жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын тал­қы­лап жатырмыз. Бүгінде ISU Гран-при кезең­дерін өткізуде. Оның үстіне, әлем чем­пионатынан бұрын Загребте Еуропа бірін­ші­лігі ұйымдастырылады. Сондық­тан бізге жаһандық доданы өткізер кезде біраз көмек болары анық. Жанкүйер­лер­дің қауіп­сіздігін ойлап, спорт кешеніне көрер­мен­дерді кіргізбеу туралы мәселені тал­қылап жатырмыз», дейді әлем бірін­шілігін ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 2021 жылдың 22-28 нау­рызына жоспарланған.