• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Желтоқсан, 2020

Тоғызқұмалақтан онлайн-турнир өтті

410 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай тоғызқұ­малақтан республикалық онлайн-турнир өтіп, үздіктер анықталды.

Бір күнге созылған бәсекеде жарысқа қатысушылар www.playok.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында жолығып, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 17:00-21:00 аралығында бақ сынады. Жарысқа Қазақстанның 17 аймағынан 375 спортшы қатысты. 11 турда жарысқа қатысушылар кім мықтыны анықтады.

Тартысты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша 1-орынды Ринат Керейбаев (Пав­лодар облысы) иеленсе, 2-орынға Алматы қаласынан Рахат Айтбаев лайықты болды. 3-орынды қостанайлық Арман Какашов пен Ақтөбе облысының өкілі Медет Хусаинов өзара бөлісті.