• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Желтоқсан, 2020

"Бектас-Қоныс" кен орнындағы өрттен үш жұмысшы көз жұмды

211 рет
көрсетілді

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы мерт болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 1 желтоқсанында сағат 01:34-те Сырдария ауданы "Қызылорда-Құмкөл" тасжолының 108 шақырымында "Бектас-Қоныс" кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада 1450 шаршы метр. аумақта өрт оқиғасы тіркелді. Жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 160 шақырым. 

"Жатақхананың жалпы аумағы - 2500 шаршы метр. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді. Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрттен 19 шақырым қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, "ПОЖМонтажҚұрылыс" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты", делінген хабарламада.