• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Желтоқсан, 2020

Олимпиадалық спорт түрлері бір дирекцияға бірікті

396 рет
көрсетілді

Бас қаламыздың спортында біраз жаңашылдық бар. Бірер ай бұрын бұнда қаржыландыру бағыты өзгертіліп, спортшылар жалақысы артқан еді. Енді осы жұмыстарды жүйелеу үшін олимпидалық және олимпидалық емес спорт түрлері бойынша қос дирекция құрылды.

Құрылғанда бұл мекемелер бұған дейін де болған. Бірақ спорт мектебі ретінде қызмет етті. Енді дирекция. Атымен қатар, заты да басқаша форматқа,  яғни, сәл жетілдірілген үлгіге ауыстырылды. Бастаманың басы-қасында жүрген Самат Ерғалиев, бұның барлығы салаға тың серпін әкелу үшін және спорттағы жетістіктерді еселеу үшін қолға алынып жатқанын алға тартады.

Мақсатымыз – жаттықтырушыларға және спортшыларға барынша қолдау жасау. Ең алдымен соларға қолайлы болу керек. Мысалы, «Толағай» спорт мектебінің қызмет аясы бұрын шектеулі еді. Енді  Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясына айналды. Сәйкесінше, жасөспірілмдерден ересектерге дейінгі қаладағы барлық спортшыларға жауапты. Жарыс болсын, жаттығу жиыны болсын, өз тараптарынан жібере береді және туындаған мәселелерге қатысты да өздері шешім қабылайды  – деді, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат Ерғалиев.

Жаңадан құрылған дирекциялардың жұмыс ауқымы мен мүмкіндіктері кеңейтілді. Мәселен, олимпидалық спортқа жауапты мекемеге 60-қа жуық спорт түрі мен 2 мыңға жуық спортшы берілді. Оның ішінде олимпиадалық және паралимпиадалық бағыттар бар. Жалақы алатын спортшылар саны да еселеп артты. Бұның барлығы саладағы тыныс-тіршілікті жандандырып, жергілікті қыз-жігіттерге жағдай жасауға негізделген. Өйткені, оның артында қаланың, қала берді, елдің иммиджі бар. Түпкі мақсат  -  аты айтып тұрғандай дәл осы спортшылардан әлем және олимпиада чемпиондарын шығару. Соған мұрындық болу.

Біз спортшылардан жоғары жетістіктер күтеміз. Ол үшін соған лайықты жағдай жасаумыз керек. Спортшылар да, бапкерлер де артында мықты қолдау барын сезінсе дейміз. Ештеңеге алаңдамай, дайындыққа ғана ден қойса деген мақсат. Мәселен,  қараша айынан бастап спортшылар жоғыры жалақы алып жүр. Бұл - үлкен мотивация. Бұған қоса, тұрақты айлық алатын спортшыларымыз бұрын 86 еді, қазір – 176. Яғни, көрсеткіш шамамен 2 есе өсті – дейді, Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Бағдат Данияров.

Қазір дирекциялардың құрылуына қатысты жұмыстар, оның ішінде, құжаты бар, басқасы бар, толық аяқталды. Енді сала мамандары білек сыбана іске кіріседі. Айта кету керек, елордадағы басқарма бұндай жаңашылдықты алғаш болып қолға алды. Өңірлер арасында алғаш болып қолға алды. Егер жақын болашақта өз нәтижесін беріп жатса, әрине, басқа аймақтарға да үлгі болары анық және солай болуына тілектеспіз. Айналып келгенде, бұл елдегі кәсіпқой, әуесқой және бұқаралық спортты дамытып, ұлт саулығын қалыптастыруға әсер етеді. Әсіресе, соңғысы қазір маңыздылығы жағынан бәрінен жоғары.