• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Руханият 04 Желтоқсан, 2020

Елордада демалыс күндері қандай шаралар өтеді?

98 рет
көрсетілді

Театр премьералары, қуыршақ балеті және көрмелер алдағы демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына көрсетіледі. Барлық іс-шаралар қатаң санитарлық талапқа сай өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

5 желтоқсан күні сағат 17:00-де Astana Opera-ның камералық залында "Шелковая лестница" бір актілі фарс-операсы ұсынылады.

Сенбі күндері сағат 10:00-ден 17: 00-ге дейін 31 желтоқсанға дейін Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Ақанаевтар әулеті" көрмелері, "Өнер қарлығаштары" және "Әлем бала көзімен"атты балалар экспозициялары ашылды. Сондай-ақ Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің "Тылсым" атты көрмесі ұсынылды. Бұдан басқа, Тәуелсіздік сарайының қорындағы "Нұр-Сұлтан қаласына сыйлықтар" көрмесіне баруға болады, елордаға келген ресми делегациялардың сыйлықтары көрсетіледі.

1 желтоқсаннан бастап Тәуелсіздік сарайында National Geographic халықаралық баспасының "Uly Dala Juregi" көрмесі ашылды. Ол дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

5 желтоқсан күні сағат 12:00-де және 14:00-де әкімдіктің қалалық қуыршақ театрында жас көрермендер "Менің салған суретім" балетін тамашалай алады.

Жастар театрында 5 желтоқсан күні сағат 19.00-де “История возлюбленных" комедиясының премьерасы өтеді.

5 желтоқсан сағат 11:00-де М. Горький атындағы орыс драма театрында "Приключения Настеньки" ертегісі қойылады. Трансляция YouTube-те көрсетіледі. https://www.youtube.com/c/ТеатрГорькогоНурСултан.

5 желтоқсан сағат 18:00-де М. Горький атындағы орыс драма театрында А.Островскийдің пьесасы негізінде "Гроза" спектаклі өтеді.