Елордада теннистен жасөспірімдер арасында J3 Nur-Sultan Open додасы өз мәресіне жетіп, Халықаралық теннис федерациясы мен Қазақстан теннис федерациясы бірлесе ұйымдастырған жарыстың жеңімпаздары анықталды.
Қыздар арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының өкілі Татьяна Николенка топ жарды. Финалда ол командаласы Аружан Сағындықовадан 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Ал жасөспірім ұлдар арасында ресейлік Михаил Горохов отандасы Максим Жуковпен жарыстың бас жүлдесін сарапқа салды. Нәтижесінде, қарсыласына қарағанда ептілік танытқан Горохов 6:1, 6:2 есебімен жарыс жеңімпазы атанды.