• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

Университет жатақханаларындағы жағдай қандай?

188 рет
көрсетілді

Жоғары оқу орындары Интернетке немесе қажетті компьютерлік техникаға қол жеткізе алмайтын білім алушыларға қолдау көрсетеді. Олар үшін жатақханаларда санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, өмір сүруге, қашықтықтан оқуға және қауіпсіздік үшін барлық жағдайлар жасалған.

Оқу залдары, компьютерлік сыныптар, конференц-залдар, тұрмыстық және жуынатын бөлмелері жабдықталған, интернетке сымсыз қосылу желісі жұмыс істейді.Әрбір жатақханада қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болдырмау үшін жауапты тұлғалар анықталды.Оқу жылының басында жатақханаларда 15 мыңға жуық студент тұрса, қазіргі уақытта 7 мың студент жатақханаларда тұрып білім алып жатыр.