• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

Елордадағы ведомствоаралық топ 100-ге жуық тамақтану орнын тексерді

154 рет
көрсетілді

Елордада тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы өз жұмысын жалғастыруда.

Бүгінге дейін сарапшылар 100 қоғамдық тамақтану объектілерінде нұсқаулық өткізді. Байқоңыр ауданында 39 қоғамдық тамақтану объектіде, 11 АГҚС, 5 барақ үлгісіндегі үй; Есіл ауданында – 10 қоғамдық тамақтану объектіде, Сарыарқа ауданында – 30 қоғамдық тамақтану объектіде, Алматы ауданында – 20 қоғамдық тамақтану объекті мен 2 жатақханада профилактикалық түсіндірулер жүргізілді.

Алдын алу шаралары үшін БАҚ-пен бірге әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ баллондарын пайдалану бойынша түсініктеме берілді.

Сондай-ақ, ZOOM арқылы кәсіпкерлік нысандарымен семинар өткізілді.

"Сонымен қатар, азаматтар бұзушылық фактісін және кәсіпкерлік субъектісінің (объектісінің) атауын көрсете отырып, жазбаша өтініш берген жағдайда, әкімшілік шараларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру шаралары ұйымдастырылады", - деп атап өтті Тұрғын үй инспекциясында.

Еске сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылды. Оған ТЖД, ІІМ, тұрғын үй инспекциясы, әкімдік, өнеркәсіп қауіпсіздік департаментінің өкілдері кірді. Олар қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігінің сақталуын тексереді.

Осы бағыт бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.