• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

9 желтоқсанда елордада бұрқасын болады

2532 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 9 желтоқсанда бұрқасын күтілетінін хабарлайды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты жіті қадағалауға кеңес беріледі. Құрылыс нысандарына халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау, мүмкіндігінше құрылыс нысандарындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектеу қажет», - делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар құтқарушылар боран кезіндегі халықтың іс-әрекеттерін атап өтті:

- Терезелерді, есіктерді, шатыр люктерін және желдеткіш саңылауларды тығыз жабыңыз;

- Балкондар мен терезе алды тақтайларынан ауа ағыны басып қалуы мүмкін заттарды алып тастаңыз;

- Елді мекеннен тыс жерлерге шықпауға тырысыңыз ;

- Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер сіз жолда болсаңыз:

- Үлкен жолдар мен тас жолда ғана жүріңіз.

- Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.

- Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз; үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, сорғышты (капот) көтеріңіз немесе антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.

Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалу керегін ескереді.