• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2020

Коронавирустың таралуы бойынша қай өңір "қызыл" аймақта тұр

200 рет
көрсетілді

Эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан "жасыл" аймаққа кіреді

Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың коронавирустың қай аймақта тұрғаны жайлы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық ақпаратына сәйкес, Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Атырау облысы, Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары коронавирустың "сары" аймағына кірді. 

Тоғызыншы желтоқсандағы жағдай бойынша, қалған облыстар мен Шымкент қаласы "жасыл" аймақта тұр.

Эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан "жасыл" аймаққа кіреді.

Соңғы дерек бойынша Қазақстанда 138 382 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 105 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар