• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Қазақстанға шетелден 1740 әуе жолаушысы келді

89 рет
көрсетілді

8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

1 740 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 648 адам, анықтамасыз 92 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 279 жолаушы, анықтамамен - 1 207, анықтамасыз - 72;Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 222 жолаушы, анықтамамен - 212; анықтамасыз - 10;Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен - 229; анықтамасыз - 10.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 92 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.