• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Желтоқсан, 2020

«Ауылдықтар» да іске кірісті

308 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» ХДПП республикалық қоғамдық штабының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар З.Әліпбек, Д.Кәпұлы, Б.Төлеген, А.Саттаров, А.Кукеева қатысты.

Онлайн режімде өткен жиында «Ауыл» ХДПП төрағасы Ә.Бектаев кіріспе сөз сөйлеп, үгіт-насихат науқанының негізгі басымдықтарын атап өтті.

Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Т.Рахымбеков штабтың дайындығы туралы баяндады. Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларында «Ауыл» партиясының партиялық тізімі бойынша, оған барлығы 625 адам депутаттыққа кандидат ретінде ресми тіркелді, оның ішінде  Парламент Мәжілісіне – 19 адам, облыстар мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына – 98 адам, облыстық маңызы бар аудандық және қалалық қала­ларға – 508 адам. Үгіт-насихат науқанына 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қалада 17 өңірлік штаб өз жұмысын бастады. Сонымен қатар әр аудан орталығында аумақтық штабтар ашылды.

Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды (Бағдарламаның толық мәтінімен «Ауыл» пар­ти­я­сы­ның ресми сайтында және әлеумет­тік желілердегі парақ­ша­ларын­да танысуға болады).

Үгіт-насихат науқаны кезін­де онлайн режімінде өңір­лерде сайлаушылармен кездесу­лер, акциялар, дебаттар, флэшмобтар өткізіледі. Әртүрлі дең­гейдегі депутаттыққа кандидаттар «Ауылдан ауылға» акциясы шеңберінде шалғай ауылды қамти отырып, әрбір ауыл тұр­ғынымен кездеседі және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

Пандемияға байланысты үгіт-насихат кезеңінде сайлау заңнамасының талаптарын және санитарлық-эпидемия­лық нормаларды қатаң сақтау қажет­тігі өңірлерге ескертілді. Штабтың ашылу салтанатынан Facebook-тегі ресми аккаунтында БАҚ өкілдері үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырылды.