• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2020

Жамбыл ауданында 8 ауыл интернетпен қамтылды

364 рет
көрсетілді

Бүгінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданында интернет мәселесі оң шешімін тауып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Әсіресе, қазіргідей коронавирус індеті өршіп тұрған кезде оқушылардың онлайн білім алуы үшін де әрбір ауылға интернет желісі керек. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңаөткел, Өрнек, Ерназар, Ащыбұлақ, Шайдана ауылының тұрғындарын да  интернет мәселесі осы уақытқа дейін толғандырып келген болатын. Бұл ретте аудан әкімі Сәкен Арубаев «Жамбылтранстелеком» компаниясының қызметкерлерімен де кездесіп, мәселені шешудің төте жолын қарастырған еді. Нәтижесінде, аудандағы 8 ауылға интернет желісі тартылып, көпшіліктің көкейкесті мәселесі шешілді.

Компания өкілдерінің айтуынша, инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылатын жоба үшін әр үйге төлем 4000 мың теңге мен 6000 теңге аралығында болмақ. «Жылдамдығы да 40 Мбит/с болады. Бұл тарифке қосымша 110 телеарналарға қосылуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – ауыл тұрғындарынан интернет қажеттілігі бойынша өтініштер көп болуы керек», дейді аталған компанияның басқарушы директоры Дархан Сәрсебайұлы. Қыркүйек айында бастау алған жоба өзінің нәтижесін берді. Жамбыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, соңғы 3 айдың ішінде 555 өтініш иесі жылдам интернет желісінің игілігін көріп отыр. Мәселен, Өрнек ауылында 332, Жұма ауылында 31, Ерназар ауылында 43, Жаңаөткел ауылында 38, Құмсуат ауылында 15, Тоғызтарау ауылында 49, сондай-ақ, Ащыбұлақ және Шайдана ауылдарында 47 абонент бастаманың шарапатын көріп отырса, желінің жылдамдығына көзі жеткен тағы да бірқатар тұрғындар компания өкілдеріне өтініш білдірудің сәтін күтіп жүр.

 

Жамбыл облысы