АDAL партиясының мүшелері Жетісу тұрғындарымен жүздесті. Талдықорған қаласында өткен баспасөз мәслихатында партия мүшелері ұйымның алдағы мақсат-жоспарымен бөлісті.
Бұған дейін «Бірлік» аталған саяси партияның атауы өзгергені белгілі. Бұл жолы сайлау бюллетенінде бесінші болып тұр.
Өйткені Жетісу өңірі еліміздің ауыл шаруашылығы өнеркәсібін дамытуға қомақты үлес қосып келеді. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша да игі іс жеткілікті. Мәселен, облыстағы шағын және орта бизнес мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға қарымта ретінде өндірістік табысқа ұмтылуда. Былтыр осы саланың өндірген өнімі 1 миллиард теңгеден астам соманы құраған. Ал биылғы бірінші тоқсандағы өндіріс көлемі 260,7 миллиард теңгеге жетті. Облыста былтыр агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 44,8 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Оның ішінде 14 бюджеттік бағдарлама бойынша 43,2 млрд теңге субсидия берілген. Биыл бұл бағытта 42,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Алайда мұның барлығы аймақтағы ауыл шаруашылығының мәселесі жоқ дегенді білдірмейді. АDAL партиясының өкілдері агроөнеркәсіп кешені мен шағын және орта бизнес саласында кездесетін проблемаларды атап, олардың шешу жолдарын айтты.
Алматы облысы