Швецияда параллельді могулдан Әлем кубогы кезеңін Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын аяқтады.
Әлем кубогы аясындағы жарысқа Қазақстанның тек ерлер командасы ғана қатысты. Әйелдер құрамасы қатысуға өтінім бергенімен, жарысқа барған жоқ. Ерлер командасында қазақстандық спортшылар ішінде Дмитрий Рейхерд үздік болды.
Алайда ширек финалдық жолдаманы сарапқа саларда отандасымыз жарыстан тыс қалды. Сөйтіп, Швециядағы Әлем кубогының кезекті кезеңінде қазақстандық спортшылар жүлдеге іліге алмады.